Top
a

Республикалық «Наурыз – жыл басы» байқауы ЕРЕЖЕСІ

Өткізілетін орны:№ 2 Өнер мектебі
Жұмыстарды байқауға тапсыру уақыты:
Іріктеу:
15 қаңтардан -17 ақпанға дейін Қатысу тегін.
22 ақпан 
Байқаудың қорытындысы:
24 ақпан, сағ 12.00 де 
Ұйымдастырушылар:Астана қаласы  Білім басқармасыАстана қаласы № 2 өнер мектебі 
Қатысушылар:Байқаудың жас категориясына сәйкес барлық тілек білдірушілер қатыса алады. (Жалпы білім беру және қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары)

Мақсаты:

Оқушыларды төл мерекеміз Наурыздың шығу тарихымен таныстыру, көктем мезгілінің әсем табиғатын өз сезімімен жеткізе біліп, терең ойлауға үйрету,елінің тарихымен таныстыру және халқының  

салт –дәстүр, әдет –ғұрпын дәріптеуге баулу. 

Міндеттері:

  • «Наурыз –жыл басы»   тақырыбында  сурет салу арқылы оқушылардың ой, қиял-елестерін дамыту;
  • Оқушылар арасында көнеден келе жатқан ұлттық қол өнерімізді насихаттау.
  • Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу

Байқау 9-16 жас аралығында өткізіледі;

Байқауға қатысушылар: 

         А) 1 орта топ 9- 12 жас аралығында.

         Б) 2 жоғарғы топ  13-16 жас аралығында

Оқушыларға қойылатын талаптар:

  — Сурет салу техникасы Кескіндеме (түрлі –түсті карандаш, пастель, акрил т.б) барлық жұмыстар тақырыпқа сай болуы шарт. 

  —  Байқауға А3 формат бетіне түсірілген суреттер; 

Байқау тақырыптары: «Наурыз –жыл басы»   

  — төменгі оң бұрышында оқушы туралы мәлімет толтырылады:

  — оқушының толық аты-жөні; жетекшісі;

—  Әр мекемеден жас категориясы бойынша үлкен топтан 2 оқушы, кіші топтан 2 оқушы ғана қатыса алады. (Үлкен топтан-2 сурет, кіші топтан-2 сурет) қабылданады. 15 қаңтар-17 ақпан аралығында.

  • Байқауға қатысу үшін өтініштер ( Word  және PDF форматында мектеп директорының қолымен, мөрімен расталсын) oner2_baiqay@mail.ru эл почтасына 15 қаңтардан 17 ақпанға дейін жіберілу керек! 

Астана қаласы бойынша қатысушылар  жұмыстарын 17 ақпанға дейін  Достық 13, ЖК Нұрсая-2 адресінде орналасқан №2 өнер мектебіне акеліп тапсырасыздар!!! 

Іріктеуден өткен жұмыстар бойынша жетекшілерге хабарлап айтылады.

                                                                                                                   – 

Республиканың басқа өңірінен қатысатын оқушылар жұмыстарын Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық 13 көшесі, ЖК Нұрсая-2 адресінде орналасқан №2 өнер мектебі мекен жайына 17 ақпанға дейін жіберілуі керек. Индекс – 010000.

Бағалау белгілері:

— Орындаудың  көркемдік деңгейі, тақырыпқа сәйкестігі, ашуы;

— Ойлаудың идеялық мазмұны мен түпнұсқалығы, композициялық шешіміндегі ерекшелік;

— Ойдың тұтастығы және іске асырылуы,орындалу техникасының ерекшелігі;

— Автор жасының шығармашылық деңгейге сай болуы. 


Ескерту: Байқау жұмыстары плагиат, көшірме немесе басқа авторлар  жұмысының бөлшегі болмауы қажет. Қатысушы жұмыстың авторлығына толық жауап береді. Жалған жұмыстар айғақталған жағдайда қазылар алқасы жұмысты қарастырмайды.

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ӨТКІЗУ:

  1. Байқау жеңімпаздары,жетекшілері дипломдармен марапатталады;

Қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді және талқыланбайды.

Марапаттау – 24.02.2023 ж сағ 12.00 де №2 өнер мектебінде өтеді.Басқа өңірлердің жеңімпаздарының дипломдары 2023 жылдың 04 наурызына дейін жетекшілердің эл почталарына жіберіледі.  Байқау қорытындысы 27 ақпан күні №2 өнер мектебінің инстаграм: @onermektebi2, сайт:https://oner-mekteb.kz/ парақшасына жарияланатын болады.

   1 қосымша

Толық аты-жөні (құжат бойынша)Туған күні, айы, жылыБілім ұйымының атауы/облыс/аудан/ауылЖұмыстың тақырыбыОрындау техникасыЖұмыс көлеміЖетекшінің толық аты-жөні(құжат бойынша), байланыс тел, эл почта(толық жазылуы тиіс)







Жауаптылар: Көркемсурет бөлімінің мұғалімдері-   Қуанов Руслан – 87024037802, ,   Райхан Алимгазина- 87073470746

Жолдыбекова Маржан — 87024999677                                            

№ 2 Өнер мектебі

Мекен-жайы: Астана қаласы, Достық 13. ЖК Нұрсая-2

тел.: 26- 62- 38

oner2_baiqay@mail.ru