Top
a

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып № 5

Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып

Сабақ № 5

Тақырыбы: Гармониялық және мелодиялық мажор.

Кейде музыкада мажордың VI басқышы төмендетілген түрін кездестіруге болады. Мажорлық ладтың бұл түрін гармониялық мажор дейді.

Гармониялық мажорды көптеген орыс және шетел композиторларының классикалық музыкасында кездестіруге болады.

VI басқыштың жарты тонға төмендеуінен, оның  V басқышта тартылуы күшейеді. Гармониялық мажор гаммасының ерекше- сипаты ол- VI мен VII басқыштардың аралығындағы үлкейтілген секунда.

Музыкада гармониялық мажорға қарағанда, мелодиялық мажор сирек кездеседі. Мажордың бұл түрінде VI және VII басқыштар төмендетілген. Жалпы ол әуеннің төмен бағытта қозғалған кезінде қолданылады да, естілуі жағынан натуралды минорға ұқсас болып келеді.

1-тапсырма: тақырыпты дәптерге түсіру.

2-тапсырма: ережелерді жаттау.