Музыкалық сауат ашу. хореография, 2-сынып № 4
Музыкалық сауат аш, хореография, 2-сынып
Сабақ № 4
Тақырыбы: Интервалдардың айналымы.
Интервал дыбыстарының ауысуы интервалдардың айналымы деп аталады. Бұл жағдайда интервалдың төменгі дыбысы жоғары болып, ал жоғарғы дыбысы төменгі болып келеді. Интервал дыбыстарының ауысуының екі тәсілі болуы мүмкін:
1. Интервал тірегінің октаваға жоғары ауысуы.
2. Интервал шыңының октаваға төмен ауысуы.
Берілген интервал ауысуының барысында жаңа интервал пайда болады. Бұдан таза интервалдар әрдайым таза интервалдарға, үлкендер- кішіге, кіші интервалдар- үлкендерге, кішірейтілгендер- үлкейтілгендерге, үлкейтілгендер- кішірейтілгендерге айналатындығын аңғаруға болады.
Тапсырма: тақырыпты дәтперге түсіру. Интервал айналымы қалай жасалатынын жаттау.