Top
a

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып. Сабақ № 4

Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып.

Сабақ № 4

Тақырыбы: Лад жүйесі және тональдік.

Мәтін: «Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан,«ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу,жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қоладанылатындары мажор және минор ладтары.

«Мажор» деген сөз- үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.

Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.

«Минор» деген сөз- кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.

Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстылықты құрады.

Гамма- жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I,III,V) әріптерімен белгіленген.

I басқыш- тоника,өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болвп табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажор ол бас әріп- Т, ал минорда- кіші «t» әріпімен белгіленеді.

II басқыш- төмен түсетін кіріспе тон.

III басқыш- медианта (ортаңғы) саты.

IV басқыш- субмедианта, мажорда «S»- бас әріппен, ал минорда «s»- әріпімен белгіленеді.

V басқыш- доминанта, мажорда «Д» бас әріпімен, ал минорда- кіші «d» әріпіменбелгіленеді.

VI басқыш- субмедианта (төменгі медианта), өйткені субмедианта мен тоника аралығында орналасқан.

VII басқыш- жоғары көтерілуші кіріспе саты.

Тоинка дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы  биіктік дәрежесі тональдік деп аталады.

1-тапсырма: тақырыпты дәптерге түсіру, мажор және минор сөзінің айырмасын нақтылап жаттау.

2-тапсырма: гаммадағы сатыларды жаттау.