Музыкалық сауаттылық. хореография. 1-сынып.
Музыкалық сауаттылық, хореография, 1-сынып.
Сабақ № 3
Тақырыбы: Тұрақты дыбыстар.Тоника және тұрақсыз дыбыстар.
Музыкалық шығарманы орындағанда немесе тыңдағанда, біз оны құрайтын дыбыстардың өзара байланыста екенін байқаймыз. Музыка әуеннің даму барысында, кейбір дыбыстар басқаларға қарағанда ерекшеленіп, тіректі дыбыс сипатына ие болады.Тіректі дыбыстар тұрақты дыбыстар деп аталады. Тұрақты дыбыстардың бұндай анықтамасы олардың сипатына сәйкес болып келеді. Өйткені әуеннің тіректі дыбыста аяқталуы шығармаға тұрақтылық әсер береді.
Тұрақты дыбыстардың біреуі басқаларға қарағанда айрықша естіліп тұрады. Ол негізгі тірек болып саналады. Сол тұрақты дыбыс тоника деп аталады.
Әуеннің қалыптасуына қатысатын,тұрақты дыбыстарға қарама-қарсы дыбыстарды тұрақсыз дыбыстар дейді. Тұрақсыз дыбыстарға тән қасиет ол тұрақты дыбыстарға тартылып тұру. Тұрақсыз дыбыстың тұрақты дыбысқа ауысуы тұрақсыз дыбыстың шешілімі деп аталады.
Жоғарыда айтылғаннан,музыкада дыбыстардың биіктігіне қарай өзара қатынасы белгілі бір жүйеге бағынады деген қортындыға келеміз. Тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың өзара қатынас жүйесі лад деп аталады. Жеке бір әуеннің немесе музыкалық шығарманың негізінде әрқашан бір белгілі лад жатады.
Тапсырма: тақырыпты толығымен дәптерге түсіру және ережелерді жаттау.