Top
a

Кәсіби дайындық сыныбы. Сахна тілі. 4-тоқсан. Сабақ № 1

Тақырыбы:  Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

Актердың  ең  басты қаруы  денесі. Актер ол- әрекет етуші.  Денеміздің бос, еркін болуы    сахнада ғана емес, жалпы өмірде де  маңызы зор. Сахнада өмірдегідей еркін және сымбатты жүріп-тұруға, айтайын деген ойыныңды, көрермен тыңдаушы қауымға жеткізе білуде, өзіңді, еркін сезіне алатын дәрежеге жетуің үшін, әуелі сахнаға шығарып, әртүрлі машықтану, дене қыздыру, дене сіресулерін  және ішкі, сыртқы тыныс бұлшық еттерін шынықтыруға  арналган тренинг-жаттығуларды жасау керексің.

Тапсырма:

1. Алақанды бір-біріне ысқылаймыз да, денемізге қағып тастаймыз.

2. 10-ға дейін секіреміз

3. Күнге созыламыз, лифттің есігін ашамыз, қабырғаға жабысып шығалмай жатырмыз, екі қолымызбен қабырғаны итереміз.

4. Сынып қалдың. Қайталаймыз

5. Тербелеміз. 10-ға дейін санап, еркін түзу дене қалпына келеміз. 

6. Басымыздан ілгішке ілінгендей,тербелеміз

Дене бұлшық еттін тербету арқылы жасалатын жаттығулар:

1. Саусақтарымызбен басқа массаж жасаймыз («м» дыбысын айта отырып)

2. Маңдай, бет, иек, мойын, кеуде, қабырға, ішімізге массаж жасаймыз

3. Бір-біріміздің арқамыздан қағамыз

Әрекет пен көніл-күйге арнаған:

Көзбен,әр түрлі ишараттар арқылы жұмыс жасаймыз

1.Мен саған ұнаймын ба? деген мағынада

2. Мен саған қазір көрсетемін ? деген мағынада