Кәсіби дайындық сыныбы. Актер шеберлігі. 4-тоқсан. Сабақ № 3
Тақырыбы: Өзін-өзі тексеру. Қимыл-әрекеттің қисыны мен сабақтастығы.
Өзін-өзі тексеру процесі — актер творчествосында сақтық рөлін атқарады. Көпшіліктің көз алдында өтіп жатқан ойын кезінде қысылғаннан сасқалақтап қалатын сәттер де болып тұрады. Ондай кезде актер өзінде жоқ сезімді асырып берем деп аста-төкке салып зорлыққа кешеді. Нәтижесінде, қызарып, бозарып әуреге түседі. Ол үшін шындық пен сенім керек.
Шындық пен сенімді ең қарапайым қимыл-іс мұраты мен әрекеттер арқылы іздеп — табу оңай. Өйткені, қимыл-іс пен әрекет әрі көрнекі, әрі түсінікті болғандықтан сана мен бұйрыққа тез бағынады. Тек, қимыл-іс әрекеті арқылы дәлелденген шындық қана сахнада өмір сүрмек.
Қимыл-іс әрекеті — сезім мен шындықты өмірге әкеледі. Шындықтан — сенім пайда болады. Шындық сендіреді. Өз кезегіне орай, сенім шындықты жасайды. Актер әрекеті кезінде, олар бірін-бірі толықтырып, қуаттай отырып жарыса дамиды. Бір-бірінен әсте ажырамайды. Қосақтаулы күйі қос мекенді ғұмыр сүреді.
Тапсырма:
1. «Құтқарыңдар» сөзін ақта.
Сөздің бірінші өзің айт. Екінші қимыл іс әрекет қос. Ойлан, бұл сөздерді қандай жағдайда айтамыз, ол жағдайда біздің ішкі сезіміміз қандай болады? Осы екі жағдайдың қайсысында, сөз мағынасы ашылды? Тексеріп көр
2. «Бостандық» сөзін ақта.
Сөздің бірінші өзің айт. Екінші қимыл іс әрекет қос. Ойлан, бұл сөздерді қандай жағдайда айтамыз, ол жағдайда біздің ішкі сезіміміз қандай болады? Осы екі жағдайдың қайсысында сөз мағынасы ашылды? Тексеріп көр