Top
a

Кәсіби дайындық сыныбы. Актер шеберлігі. 4-тоқсан. Сабақ № 2

Тақырыбы: «Сенім  мен  шындық»

Cенім деген адам бойындағы ең асыл, ең ұлы қасиет. Шынайы с е н і м — қамал бұзып, тосқауылды да талқандайды. Өмірде  шындық пен сенім өздігінен пайда болатын  процесс. Өмірде болатын шындық  пен  сенім  де,  суретші  бояумен салған тоғай мен актер бейнелеген  король — сахнадағы сенім мен шындық.  Яғни, шартты шындық пен шартты сенім.  Роль ойнау барысында  актер  сахнадағы өзін қоршаған декорацияны, королді  ойнаған серіктесін   шындап қабылдауы  керек.

«Е г е р  д е»  маған  король  ролін  тапсырса,   мен оны  қалай  толыққанды етіп ойнауым  керек деп алдына мақсат қойған  жөн.   Өмірде — табиғи шындық   бар да, сахнада — ойын өрнегінің шындығы бар. Актер сахнадан болмыс шындығын  қ и я л  мен  е л е с т е т у  процестері арқылы жеткізеді.

Сахналық шындық —елестету  мен қиялда  пайда  болады  да,   киелі  күш  «егер   де» мен   «ұ с ы н  ы л ғ а н   т о с ы н   ж а ғ д а й»   арқылы   өзінің  ойын  кестесіне  ие болады.

Тапсырма

  1. Клоуның этюдын жаса. Жоғарыда түсіндіріп өткен мәтінді толық оқып, «егер де» мен Клоун болсам, көрерменді қалай сендірер едім, деп әрекетке көш. Сенім мен шындықты үйлесімін тап
  2. Сатушының этюдын жаса. Жоғарыда түсіндіріп өткен мәтінді толық оқып, «егер де» мен сатушы болсам, көрерменді қалай сендірер едім, деп әрекетке көш. Сенім мен шындықты үйлесімін тап
  3. Жүргізуші этюдын жаса. Жоғарыда түсіндіріп өткен мәтінді толық оқып, «егер де» мен жүргізуші болсам, көрерменді қалай сендірер едім, деп әрекетке көш. Сенім мен шындықты үйлесімін тап