Top
a

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ХІІІ ҚАЛАЛЫҚ «АСЫЛ МҰРА» ҰЛТТЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Іріктеу кезеңі

Орны:  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 өнер мектебі» МКҚК

Күні: 15 Қазан 2022ж

Уақыты: 09.00-15.00

Негізгі байқау: 

Орны: : №66 мектеп-лицейі, Д.Қонаев көшесі,31/1. 

Күні: 21 Қазан 2022 ж.

Уақыты: 09.00-17.00

Ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы,  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 өнер мектебі» МКҚК

Қатысушылар: Нұр-Сұлтан қаласы жалпы орта мектептерінің 1-11 сынып оқушылары

Шақырылғандар: Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілдері, мектеп директорлары мен тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері

Мақсаты:

        Ұлттық өнерді оқушылар арасында кеңінен насихаттау арқылы  жас өнерпаздардың бойында мәдениетімізді және өнерімізді сақтау, өнерге деген қызығушылығын арттыру;

Міндеттері:

  • Ұлттық өнер арқылы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ету;
  • Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу;
  • Дарынды оқушыларды анықтап, қолдау көрсету;
  • Жас өнерпаздардың сахналық мәдениетін және эстетикалық талғамын қалыптастыру және жоғарылату;

Байқау номинациялары

 Байқау  3 номинация бойынша өтеді:

1) Дәстүрлі ән (домбыра, сырнай, жетіген аспаптарында қатысушының өз сүйемелдеуімен)

2) Ұлттық аспаптарда орындаушы (домбыра, қобыз, қылқобыз, жетіген, сазсырнай, шертер)

3) Ансамбльдер, дуэт, трио (домбыра, қобыз, жетіген, сазсырнай. Ансамблдердің құрамы 6 адамнан жоғары болу керек. Оның ішіне жетекшісі кіреді).

    Байқауға әр мектептен әр номинацияға 1 қатысушы ғана қатыса алады!

Қатысушылардың жас ерекшеліктері: 

  • кіші топ – 7 жастан 9 жасқа дейін;
  • орта топ – 10 жастан 13 жасқа дейін;
  • жоғары топ – 14 жастан 17 жасқа дейін;

Байқау талаптары:

1. Дәстүрлі ән  номинациясы бойынша:

  • кіші және орта топ  қатысушысы 1ән (халық әні немесе халық композиторларының әнін орындайды).
  • жоғары топ  1 халық әні және   халық композиторларының 1 әнін орындайды. 

2.Ұлттық аспапта орындаушылар номинациясы бойынша:  

Домбыра аспабы – кіші топ :  1 күй (қалауы бойынша);                                             орта және жоғары топ : әртүрлі мінездегі 2 күй  (1 төкпе,1 шертпе күй міндетті);

Қылқобыз аспабы – кіші топ —  1  халық әні немесе күй;

 Орта және жоғарғы топ – 2 күй (оның бірі қазақ композиторларының күйі міндетті)

Прима қобыз аспабы – кіші және орта топ :  1 шығарма;                            жоғары топ: 2 шығарма, (соның ішінде 1 қазақ                        композиторларының шығармасы міндетті болуы керек);

Сазсырнай аспабы — әртүрлі мінездегі 2 шығарма (күй немесе ән);                                                                                                                                       

Жетіген аспабы – кіші және орта топ :  1 ән немесе халық күйі;

жоғары топ: 1 күй және 1шығарма (шығарма фортепиано, сырнай немесе педагогтың сүйемелдеуімен болуы міндетті); 

3.Ансамбльдер, дуэт, трио (ансамбль құрамы 6 адамнан жоғары болуы керек, оның ішіне жетекшісі кіреді)

Ансамбль әртүрлі мінездегі 2 шығарма немесе 2 күй орындайды; 

  • Қатысушылардың өтініштері төмендегі үлгі бойынша 
  • 2022 жылдың 10 қазанына дейін E-mail: oner_mektebi_2@mail.ru  поштасы арқылы қабылданады. (тел: 26-62-47)
Аты-жөні(толық)Туған күні, айы, жылыМектебі,сыныбыНоминация, тобыРепертуар 
Жетекшінің аты-жөні (толық жазылуы тиіс) тел., электр. адрес






  • Өтініште берілген ақпараттың дұрыстығы мектеп директорының қолымен, мөрімен расталсын;
  • Өтінішпен бірге қатысушының туу туралы куәлігінің көшірмесі ұсынылсын;
  • Өтініште көрсетілген бағдарлама өзгертілмейді;
  • Мерзімінен кешіккен өтініштер қабылданбайды;
  • Осы аталған байқауда 2021-2022 оқу жылында Бас жүлде және І орын  алған оқушылар қатыспайды.
  • Жеңімпаздар: Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орын және номинациялар бойынша дипломмен марапатталады. 

Бағалау негіздері:

  1. Орындаушылық шеберлігі; 
  2. Тіл тазалығы;
  3. Аспапта ойнау шеберлігі;
  4. Сахналық мәдениеті;
  5. Киім үйлесімдігі;
  6. Байқау талаптарының сақталуы;
  7. Орындалатын шығарманың қатысушының жас шамасына      сәйкестігі;

Ұйымдастыру комитетінің өкілдері: Ж.Күмісбекова, З.Қарекеева, А.Кенжегулова, Н.Айжарықов, Ж.Ахметова, Қ.Дарибаев, З.У.Жакешова, М.Тастенова,  А.Кожамуратов, А. Дабылова,  Г.Асылбек, Н.Хурметбек, М.Абдыкадыр, Б.Баймурзаев, Б.Ишанкулов, Курметбекулы Б., Жолдыбекова А., Мырзаханов Ж.

E-mail: oner_mektebi_2@mail.ru

1)  Дәстүрлі ән номинациясы бойынша сұрақтар: Жакешова Зәуре Уахитқызы  87026391340

2) Ұлттық аспаптарда орындаушылар номинациясы бойынша:  Күмісбекова

Жаңылсын Сейтқызы   87074783560

№ 2 Өнер мектебі

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық 13 ЖК Нұрсая-2

тел.: 26-62-47

E-mail: oner_mektebi_2@mail.ru