Top
a

«Өнер — өмір өрнегі» халықаралық жобасы аясында кездесу өтті

2023 жылдың 16 тамызында Астана қаласыәкімдігінің №2 өнер мектебіне «Өнер — өмір өрнегі» халықаралық жоба аясында Якутск қаласы, Саха Республикасы (Якутия) Мәдениет және рухани даму министрлігі Геомәдени даму институтының жетекші әдіскері Бережнова Анжелика Николаевна жол сапарымен келді.

   Негізінен бұл жоба 2023 жылдың 21 сәуіріндетелекөпір ретінде екі мемлекет арасында өткен болатын, сол себепті бүгінгі іс-шара сол жобаның сабақтастығы десек болады.

  Іс сапардың мақсаты: №2 өнер мектебімен жақынырақ танысу, оқушылардың өнерін тамашалау, Қазақстан-Саха елдерімен, Астана-Якутск қалаларымен, қазақ халқының ұлттық аспаптары және фольклорымен танысу. Үшсағаттың ішінде директор Гүлмира Жангелдіқызының жетекшілігімен №2 өнер мектебі педагогтарының ұжымы ұлттық аспаптың шексіз мүмкіндіктерін көрсете отырып, оқушылар арасында халық шығармашылығы мен фольклорды насихаттау туралы өз тәжірибесімен бөлісті, мектептің тұрмыс тіршілігімен таныстырды.

   Іс-шара барысында Анжелика Николаевнамузыка өнерінің шексіздігі, Қазақстан — Саха ұлттық аспаптары мен фольклорының ұқсастықтары туралы сөз қозғады, оқушылар мен мектеп ұжымына шығармашылық табыстар тіледі. 

  Келешекте  педагогтер арасында семинарлар, кездесулер, шеберлік сыныптарын өткізуді жоспарлайтындығын атап өтті және Саха Республикасына ұжымды қонаққа  шақырды.

   Мұндай кездесулер барлық қатысушылардың есінде жарқын із қалдырып, оқушылардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.