Өнермен көркем- өмірім
«Art-Shabyt»
шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен өткен
«Өнермен көркем- өмірім!» атты III Республикалық балалар өнер
байқауы Елордамыздағы №76 мектеп-лицейінің сахнасында өтті. Бұл байқау рухани
жаңғыру бағдарламасы аясында дарынды жастарды қолдауға арналған жоба болатын.
Нұр-Сұлтан қаласы №2 Өнер мектебінен бірнеше номинация бойынша үміткерлер қатысты. Байқау соңында қазылар алқасы театр номинациясы бойынша №50 мектептегі филиал шәкірттері Гран При жеңіп алды.
Ал, «вокал» номинациясы бойынша Ешенғазин Заңғар-Гран При, Мұхтарұлы Нұрсаят-I орын,️ Оңласбек Дильназ — I орын, ️Бақытжанқызы Инабат -I орын, Кеңесхан Аида II-орын, Биғабылов Арғын II-орын, Аждарова Жания III жүлделі орындарды қанжығаларына байлады.
Осымен жүлдегерлер саны тоқтап қалмады. Мектебіміздің шәкірттері Егізбаев Жжасұлан Бас жүлде иеленсе, ал Егінбай Дәулет жеке орындаудан I орынға ие болды. Ал музыка бөлімінің «Алатау» домбырашылар ансамблі Гран При, Медина Темірова (соло) Гран При, Мейрамғазы Мансұр I орынға ие болды.
Өнердің қыр-сырын үйретіп, талантты шәкірттер тәрбиелеген Тұрымхан Асқарқызы, Жеңіскүл Ахметова, Құралай Қырықбаева, Ұлпан Асанова сынды ұстаздарға мектеп атынан және ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз. Барлық өнерлі балаларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Әрқашан баптарыңыз бен бақтарыңыз қатар шапсын! Болашақ еліміздің даңқын асқақтатар өнерлі ұрпақ боларларына сенім білдіреміз.


