Top
a

ҚАЛАЛЫҚ «ТЕАТРДЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ» ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН БАЛАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

Өткізілетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы «№ 2 өнер мектебі» МКҚК

Қатысушылар:Нұр-Сұлтан қаласы жалпы орта және қосымша білім беру мектептерінің 8-17 жас аралығындағы оқушылары

Шақырылғандар:Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Білім басқармасының өкілдері,мектеп директорлары мен тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері.

Мақсаты: жас өспірімдердің театр, сахна арқылы дүниежүзілік өркениеттің, соның ішінде өздеріне таныс шығармалар арқылы бойларындағы табиғи дарындылығын паш ету.

Міндеттері:

— Балаларды көркемдік-әсемдік, адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу;

  — Дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету;

  — Көрермендердің эстетикалық талғамын қалыптастыру әрі жоғарлату;

Байқаудың талаптары:

  1. Байқау екі кезеңде өткізіледі:  — бірінші кезеңқалалық байқау Нұр-Сұлтан қаласы оқушыларының іріктеу кезеңі (сырттай);
  2. екінші кезең (қорытынды) Республикалық фестиваль (сырттай).
  3. Қалалық байқаудың жеңімпаздары Республикалық фестивальға  жолдама алады.
  4. Байқау мемлекеттік және орыс  тілдерінде  өткізіледі.
  5. Әр мектеп театралдық қойылымнан үзінді (драма, комедия, ертегі, балаларға арналған шығармалар) дайындау қажет сонымен қатар бейнематериалсапалы түрде түсіріліп, ұйымдастырушылар комитетіне жолдау керек
  6. Театр ұжымы www.youtube.com арнасына дайындаған бейнематериалды орналастырып, сілтемесінE-mail: oner_mektebi_2@mail.ru мектеп почтасына жіберу керек. Сапалы бейнематериал үзіліссіз тұтас бір роликпен жіберіледі. Әр түрлі қойылымдардың «кесінділері» қарастырылмайды. Кейіпкерлерді дыбыстау үшін мәтіннің бұрын жазылған ескі фонограммаларын пайдалануға жол берілмейді.
  7. Видео ұзақтығы  — 15 мин кем20 мин аспау керек; Видеоның форматы: avi, mpеg, mp4;  дыбысы сапалы болуы қажет.
  8. Қатысушылардың және топ жетекшісінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, қатысушылар туралы мәліметтер (Т. А., туған жылы, сыныбы, курсы, оқу орны, үйінің мекенжайы және білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны) толық ақпарат өтінішпен бірге жіберілу керек.
  9. Әр мектептен 7 оқушыдан құралған топ (ұжым) ұсынылады.

  Өтініштер, қатысушы куәліктері мен видео материал және www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтемені  төмендегі үлгі бойынша 2022 жылдың 16 қыркүйегіне дейінE-mail: oner_mektebi_2@mail.ru мектеп почтасына ұйымдастыру комитетіне тапсыруы керек.

Мерзімінен кешігіп берілген сұраныстар қабылданбайды.

Бағалау негіздері:

  • режиссерлік шешімнің бірегейлігі;
  • қойылымның ұжымның жасына және шығармашылық мүмкіндіктеріне сәйкестігі;
  • спектакльді, қойылымды көркем безендіру;
  • спектакльдің, қойылымның музыкалық безендірілуі;
  • орындаушылардың актерлік шеберлігі;
  • орындаушылық шеберлік (дикция, интонациялау тазалығы, әртістік);
  • сахналық бейненің сенімділігі.
  •  Фестиваль-байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

Жеңімпаздар Бас жүлде, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарменмарапатталады. Қорытынды №2 өнер мектебінің истаграм: @onermektebi2, сайт:https://oner-mekteb.kz/ парақшасына 22 қыркүйек күні шығады.Жеңімпаздардың дипломдары өтініште жіберген эл почталарға 23-25 қыркүйек аралығында жіберіледі.

Ұйымдастыру комитетінің өкілдері: Г. Қайрбекова, Ұ.Асанова, А.Муминова, Ж.Тәңірберген.

№ 2 Өнер мектебі

Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық 13. ЖК Нұрсая-2

тел:26-62-38;26-62-47;

E-mail: Oner_mektebi_2@mail.ru

«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің қалалық фестиваль-байқауына қатысуға өтінім үлгісі

1. Білім беру ұйымы  
2. Театр ұжымыныңаталуы  
3. Театр ұжымы жетекшісінің Т. А. Ә.  
4. Жетекшінің байланыс телефоны  
5. Қатысушылар саны  
6. Спектакльдің, көрсетілімнің аталуы  
7. Жанр бағыты: драма, музыка, қуыршақ, балет, пантомима; көркем сөз (керегін сызу)  
8. Шығарма авторы  
9. Спектакльдіңұзақтығы  

Театр ұжымының тізімі

Қатысушының Т.А. Туғанкүні Оқуорны, сыныбы Тұрғылықтымекенжайы Байланыстелефондары Театр ұжымы жетекшісінің Т.А.Ә. Жұмысорны, лауазымы телефоны
1.