Top
a

Оқушыларымыз «Мектепке жол» акциясының аясында концерт қойды

Мектебіміз «Мектепке жол» акциясының аясында Орталық алаңда концерттік іс-шара ұйымдастырды. Концертті қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады.

Акцияның негізгі мақсаты – мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі – барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.